046Бүгін «Қызылорда жоғары көпсалалы»колледжінде Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен білім, денсаулық сақтау, прокуратура өкілдерінің қатысуымен білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз етуге байланысты студенттер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру шараларына Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Сакен Мұхитдин Сакенұлы, Жастар денсаулығы орталығынан Кулмуратова Айман Задашовна, Облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі Муслимова Бибайша Кидирхожаевна қатысты.

Әр маман өз саласы бойынша жасөспірімнің қауіпсіздігіне барынша теріс әсер ететін мәселелерді қозғады. Айталық, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, суицид, топтық төбелес, синтетикалық есірткі пайдалану, электрондық темекі өнімдерін тұтыну, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтар, интернет қауіпсіздігі, нашақорлықтың алдын алу, болдырмау, алаяқтық қылмыстар және т.б. жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

047

048